Ақпарат
Ж. Әбішев атындағы ХМИ қара және түсті металдар металлургиясы саласында ғылыми-технологиялық зерттеулер жүргізуге маманданған және металлургиялық өндірістің барлық циклі бойынша ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады: шикізатты дайындаудан дайын өнімге дейін, төмендегі басым бағыттар бойынша:
- Химия, қара және түсті металдар кендерін байыту, қара және түсті металлургия, металл өнімдерін өндіру саласындағы ғылыми-зерттеу, жоба алдындағы және технологиялық жұмыстар.
- Пайдаланылған материалдарды кәдеге жарату, техногендік қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі іс-шараларды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету.
- Республиканың тау-кен металлургиялық кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша үкіметтік шешімдерге ұсыныстар және мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеу.
- Тау-кен металлургия кешені мен химия өнеркәсібінің өнімдеріне, отын-шикізат материалдарына және жинақтаушы бұйымдарына стандарттар жобаларын әзірлеу және техникалық шарттар мен келісімдерді бекіту.
- Өнеркәсіпке ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу және авторлық және технологиялық қадағалауды жүзеге асыру, минералды шикізаттың металлургиялық құндылығы туралы сараптама жүргізу және қорытындылар беру.
- Тау-кен металлургия кешеніндегі экологиялық және техникалық қауіпсіздік, ұтымды жер қойнауын пайдалану жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу.
- Тау-кен металлургия кешені өнімдерін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу.