Зертхана меңгерушісі м.ғ.к., доцент Каткеева Гульнара Летаевна
Зертхана қызметкерлері жоғары кәсіби білімге ие, ғылыми дәрежелері бар, пайдалы қазбаларды байыту саласында, минералды және техногенді шикізатты байыту схемалары бойынша химия-металлургиялық әдістерді қолдану саласында, мыс өндірісі және энергетикалық компанияларды қайта өңдеу салаларында жұмыс жасайтын біліктіліктері жоғары мамандар.
Зертхананың ғылыми-зерттеу қызметінің басты бағыттары:
- Қиын байытылатын кендерді өңдеуге арналған аралас технологияларды жасау, сондай-ақ қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етпейтін жинағыштар мен модификаторлар негізінде кендерді селективті флотациялау технологияларын зерттеу және әзірлеу;
- жылу-энергетикалық кәсіпорындардағы күл мен шлактың қалдықтарын құнды компоненттерді өндіру арқылы өңдеу технологиясын жасау;
- түсті металдардың баланстық және отқа төзімді кендерін байыту тиімділігін арттыратын жаңа флотациялық реагенттерді іздеу және синтездеу;
- пиро- және гидрометаллургиялық және байыту үрдістерін біріктіретін кешенді схемаларды қолдана отырып, түсті металдардың минералды және техногендік шикізаттарын байытудың ғылыми негіздерін жасау;
- сирек және шашыраңқы металдармен байытылған тауарлы өнімдерді өндіруге байланысты көмір өндіретін және энергетикалық кәсіпорындардан шығатын жоғары кремнийлі қалдықтарды кешенді өңдеу технологиясының негізін құру;
- тотыққан мыс кендерін қайта өңдеу технологияларын және физико-химиялық негіздерін құру;
- қиын байытылатын полиметалл кенін және өнеркәсіптік шикізатты байыту үшін қолданылатын құрамында күкірті бар реагенттерді синтездеуге арналған физика-химиялық негіздерді құру.
Гранулометриялық талдау | Кенді ұсату |
Өнімдерді өлшеу | Алынған мәліметтерді өңдеу |
Зертхана ұжымы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен серіктесіп, өзекті мәселелер бойынша экономикалық келісімдерді орындайды, әзірленген технологиялардың кешенді-зертханалық және өндірістік сынақтарына қатысады.
Балқаш, Қарағайлы байыту фабрикаларындағы кешенді-зертханалық және өндірістік сынақтар
Зертханада шикізатты байыту бойынша зерттеулер жүргізуге қажетті төмендегі жабдықтар бар: ұсату диірмендері, флотация машиналары, гранулометриялық талдау жасауға арналған құрылғы, термостаттар, кептіру шкафтары, таразы, автоклав, муфель пеші, рН-метр, сулы дистиллятор, ұсақтау құрылғысы және т.б.
Алынған нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін құрылғылар мен жабдықтар жүйелі түрде тексеріліп отырады.
Зертхана қызметкерлері кәсіби деңгейлерін көтеріп отырады. Қазіргі уақытта зертхананың 1 қызметкері магистратурада білім алып жатыр, 3 қызметкер техника және технология магистрі дәрежесіне ие. Сонымен қоса, зертхана ұжымы халықаралық конференцияларға қатысып, импакт-факторы нөлден жоғары журналдарға мақалалары жарияланып отырады.
Халықаралық конференциялар
Зертхана қызметкерлерінің негізгі ғылыми жарияланымдары:
- Бектурганов Н.С., Каткеева Г. Л., Богоявленская О.А., Омаров Б.Н. Обогащение окисленных медных руд Самарского месторождения. // Цветные металлы.-1999.- №8. С.13-15.
- Бектурганов Н.С., Каткеева Г. Л., Шерембаева Р.Т. Разработка комбинированных процессов минералообразования при переработке труднообогатимого сырья тяжелых металлов // Промышленность Казахстана.- 2001.-№10.- С.77-79.
- Максимов Е.В., Бектурганов Н.С., Каткеева Г. Л., Шерембаева Р.Т., Шинбаева У.Б. Изучение влияния электрохимической обработки на сульфидизацию и флотацию окисленных медных минералов и руд // Обогащение руд. - 2004.- № 6. - С. 20-22.
- Бектурганов Н.С., Каткеева Г.Л., Гизатуллина Д.Р., Шайке Ж.А. Выбор оптимального режима сульфидизации окисленной медной руды// Промышленность Казахстана. – 2014. - № 4. – С. 68-71.
- Шерембаева Р. Т., Омарова Н. К., Акимбекова Б. Б., Каткеева Г. Л. Использование нового флотореагента «Р» при флотации сульфидных медных руд // Цветные металлы. – 2014. - №6. – С. 12-16.
- Оскембеков И.М., Каткеева Г.Л. Получение кремнезема из отходов теплоэнергетических предприятий // Обогащение руд. – 2014. - №5. – С. 51-54.
- Каткеева Г. Л., Шайке Ж.А., Оскембеков И.М., Гизатуллина Д.Р., Акубаева М.А. Выбор оптимального режима сульфидизации окисленной медной руды// Промышленность Казахстана. – 2014. - №4. – С. 68-71.
- Каткеева Г.Л., Бектурганов Н.С., Акубаева М.А. Применение сульфидизации при переработке окисленных медных руд Удоканского месторождения//«Цветные металлы».- №9, - 2016.- С. 22-28
- Малышев В.П., Зубрина Ю.С., Макашева А.М., Каткееева Г.Л., Кайкенов Д.А. Оценка распределения по крупности и содержанию в нижнем классе по ситовому анализу// Комплексное использование минерального сырья. 2016, №2. - С. 11-17.
- Оскембеков И.М., Гизатуллина Д. Р., Акубаева М.А., Туребекова К.С., Буркитсетеркызы Г., Жунусов Е.М., Жунусов А.М. Промышленные испытания на Балхашской обогатительной фабрике/ Материалы МНПК «Инновации в комплексной переработке минерального сырья», посвященной 25-летию РГП «НЦ КПМС РК» и 60-летию государственного НПО промышленной экологии «Казмеханобр». Алматы. 2018. С. 98 -100.
- 22 Инновациялық Патент және ҚР патенттері.