Термохимиялық үрдістер зертханасы

Ж.Әбішев атындағы химико-металлургиялық институт Қазақстандағы қара және түсті металлургия мәселелері бойынша жетекші ғылыми-зерттеу кәсіпорыны болып табылады.
Институт қызметкерлері Сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап береді және қызмет құнының есебін жүргізеді және жеке коммерциялық ұсыныс дайындайды.
Сұрақ қою

Термохимиялық процестер зертханасының меңгерушісі химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жаратылыстану академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, I-дәрежелі Сәтпаев сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сорос қоры грантының, Халықаралық «Ғылыми ынтымақтастық» (Ресей, Москва) қорының дипломы мен медалінің, «Thomson Reuters» (Англия) мен «Springer» (Швейцария) компанияларының «Шетелдерде ең көп жарияларымдары бар қазақстандық авторлар» номинациясы бойынша дипломдарының иегері Қасенов Болат Қоңырұлы..

Зертхананың негізгі ғылыми бағыттары:
  • Келелі қасиеттерге ие s-, p-, d- және f- элементтері тотықты қосылыстарының синтезі мен физика-химиялық зерттеулері.
  • Бейорганикалық материалтану, металлургия және химиялық ақпараттану үшін маңызды тотықты қосылыстардың химиялық термодинамикасы мен электрофизикасы.

Зертхана қызметкерлері 1000 нан астам ғылыми еңбек, оның ішінде 32 монография, кітап, оқулықтар (Германияда төрт, Ресейде бір), КСРО, ҚР Патенттері мен Алдынала Патенттерін баспадан шығарды, 200 ге жуық еңбек Халықаралық «Thomson Reuters», «Scopus» жүйелеріне және халықаралық термодинамикалық мәліметтердің «ИВТАНТЕРМО» банкісіне енгізілді. Зертхананың барлық қызметкерлерінің халықаралық ғылыми журналдарындағы еңбектерінің Хирш индексі бар. Зертхананың үш қызметкері «Thomson Reuters» (Англия) және «Springer» (Швейцария) компанияларының «Шетелдерде ең көп жарияларымдары бар қазақстандық авторлар» номинациясы бойынша дипломдарға ие болды.

ертханада алғаш рет ондаған аса бағалы физика-химиялық қасиеттерге ие бірегей манганит-, хромит-, ферритқұрамды қосылыстар алынды.

Зертхана М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен, Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің Қатты заттар химиясы мен механохимия институтымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және т.б. творчестволық байланыстары бар.

Зертхананың ғылыми бағыты бойынша 5 докторлық, 24 кандидаттық, 2 PhD докторлық, және 8 магистрлік диссертациялар қорғалды.

Құжатар

15bcca83d283ba6526099215c1a54d12 Размер: 686.6 Кб
Қызметкерлер тізімі